Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады-жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп жазады Қазгидромет.
Қостанай облысының батыс жартысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының батысы мен шығысында тұман түседі, облыстың батысында көктайғақ, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жартысында төмен бұрқасын, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз таулы, тау бөктерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында боран, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік-шығыста, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, түнде және таңертең Алматы облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі, Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.