spot_img
Бейсенбі, Мамыр 7, 2026
16 C
Kokshetau

«Төбе кетсе, дұрыстаймыз, терезе кетсе, ауыстырамыз»- «Нұрлы көш»мәселесіне әкім жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұрлы көш кентінің тұрғындары қандастарымызға берілген тұрғын үйдің сапасына қатысты мәселені жиі көтереді. Айта кетейік, бұл мемлекет меншігінде. Қазір олар жылу мәселесіне көбірек алаңдайды. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Нұрлыкөштіктер салынған үйлердің суық екендігін айтады. Себебі бұл үйлер салынғанда соңғы үлгідегі стандарттар ескерілмеген.

«Бұл үйлер қалыпты нормаларды сақтай отырып салынған. Бір қалыпты жылу да бар. Тек пешті дұрыс жағу керек, жылулық қалпын сақтаса, бәрі де қалыпты болады,-деді әкім.

Мұндағы тұрғындардың тағы бір өтініші үйлерді олардың меншігіне өтеусіз беру.

«Біз қалдық құны бойынша сатып алу құқығы үшін комиссия құрдық. Басқа нұсқа жоқ. Бүгінгі күні онда көбі тұрмайды, шынын айту керек», – деді ол.

Әкімнің айтуынша, бұл үйлердің құнын төлеп сатып алғандар аз. Ал, қалғандары үйлерін мемлекет жөндеп беруін күтіп отыр.

Барлығымызда үй бар ғой, пәтер бар. Біз жұмысты ешкімге жүгінбей ақ өзіміз атқарамыз. Төбесі сыр берсе, дұрыстаймыз, терезе кетсе, ауыстырамыз,-деді ол.

Әкімнің айтуынша, осы үйлерді сатып алуға дайын тұлғалар бар. Бірақ заң бойынша бұған жол бермейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика