spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

11 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райын циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, соған байланысты жауын-шашын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің шығысы, орталығы және оңтүстігі  жоғары қысымды алқап ықпалында болғандықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, республикамыздың батысында, солтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түседі», – делінген хабарламада.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік және шығысында  көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, облыстардың солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ,  облыстың батыс және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады, облыстың батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-23 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы және оңтүстік аудандарында тұман түседі, түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел  15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м / с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img