spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту мақсатында алты инвестициялық жоба әзірленген

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг кезінде аудан экономикасының басым бағыттарының бірі туризмді дамытуға бағытталған жобаларға тоқталды.  Оның айтуынша, туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы бойынша  800 мың орыннан асатын 187 объект жұмыс істеп тұр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Туристік нысандарды көбейту және оларды ыңғайлы орындарға орналастыру, ондағы қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында санаттар беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Бурабай ауданының аумағында 22 нысанның категориялық сертификаты бар.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы жылы алты инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылды, олардың ішінде жол, су құбырлары, кәріз, тазарту құрылыстары бар. Бұл мақсатқа бюджеттерден төрт милярд теңге бөлінді,-деді аудан әкімі туризм саласы сөз болғанда.

Аудан басшысы өз кезегінде бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын және бүгінде жалғасып жатқан құрылыс жұмыстарын баяндап өтті.

Щучинск қаласының су желілері мен кәріс құбырларын тазартуға және жөндеуге 749,5 миллион теңге, Қатаркөлдің айналасында орналасқан БСО-ға су құбыры желілерін салу үшін 878,1 миллион теңге жұмсалмақ.

Сонымен қатар  Щучинск қаласындағы 81,9 шақырым болатын су бұру желілері мен объектілерін реконструкциялау үшін 550 миллион теңге, Бурабай кентіндегі коллектор мен КСС құрылысы  95,8 миллион теңге, тазарту құрылыстары 132,0 миллион теңгені құрайды.

Бүгінде аймақта нөсер кәрізінің құрылысы үшін жаңа жоба әзірленіп, 12 шақырым арық салу жоспарланған. Бұл үшін 452,2 миллион теңге қарастырылған.

Слайд 17

Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту мақсатында екі мың жиырма бірінші жылы алты инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылды, олардың ішінде жолдар, су құбырлары, кәріз, тазарту құрылыстары құрылысы бар. Екі мың жиырма бірінші жылы барлық деңгейдегі бюджеттерден төрт милярд теңге бөлінді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img