spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Тасөткел ауылындағы сүт цехы неміс технологиясын қолданады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Жарқайың ауданында барлығы 216 мал басын құрайтын бес ет фермасы құрылған. Бүгінде аймақтың Отрадное, Львовское және Үшқарасу ауылдарында мал бордақылау саласы жолға қойылған. Бұл туралы аудан әкімі Жанболат Хамитов брифинг кезінде айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аймақта мал шаруашылығын дамыту өзекті салалардың біріне айналып отыр. Қаланың тас қабырғасына қамалған жұрт үшін ауылдың еті де сүті де асқан қажеттілікті тудырады.

Сол себепті ауылдардағы ет,сүт бағытындағы фермалардың жұмысы маңызды екені даусыз.

Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты мал шаруашылығын өркендету болып қала береді. Бұл саланы субсидиялау 33,4 миллион теңгеден астам соманы құрап отыр, деді аудан әкімі бұл салаға тоқтала келіп.

Оның айтуынша, аймақта ірі қара мал басы өсіп келеді. Соның арқасында ет, сүт, жұмыртқа өндіру жұмыстарында өзгеріс байқалып отыр.

Жем шөп өндірісі де жолға қойылған. Биыл мал азығы жүз пайыз яғни, 44,7 тонна жем шөп дайындалды. Малдың қыстауы штаттық режимде өтеді. ІҚМ басын тұқымдық түрлендіруге 1991 мал қатысады. тағы қосымша 41 бұқа сатып алынды,-деді ол.

Брифингте белгілі болғандай, Тасөткел ауылында 100 ІҚМ басын құрайтын сүт тауарларын өндіретін ферма іске қосылды. Осы ауылдағы сүт цехы неміс технологиясының озық үлгісімен жұмыс істейді. Сол себепті өнідіріс көлемі мен  шығарылатын өнімнің ассортименті 3 тоннаға дейін ұлғайтылды.

Алдағы уақытта цех жұмысы өндірісті 5 тоннаға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img