spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, облыстың батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Солтүстік Казақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсіп, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, солтсүтік-батыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img