spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
12.9 C
Kokshetau

Ауған елінен елге оралған қандастарға кәсіпкерлер материалдық көмек көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауған еліндегі саяси жағдайдың ушығуына байланысты бүгінде елге оралып жатқан қандастардың қатары артуда. Ата жұртына келіп орныққан отбасылардың қатарында Бурабай ауданына келіп қоныстанған Файзолла Ахмадидің отбасы. Өткен жұмада бұл отбасын бұландылық кәсіпкерлер тұрмысқа қажетті керек жарақтармен қамтамасыз етті,деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ахмади отбасы ауған елінен ата-жұртқа оралып, Бурабай ауданына қоныстанды. Осыдан біраз уақыт бұрын Ақмола облысына төрт отбасы, яғни 35 адам көшіріліп әкелінді.

Саяси тұрақтылығына сызат түскен мемлекеттен өз ата жұртына оралған этникалық қазақтарға мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік жәрдемақы қарастырылып, бір жылдық пәтер ақысы мен коммуналдық шығындарын төлеуге шешім қабылданды.

Өткен жұмада Бұланды ауданының кәсіпкерлері Бурабай ауданының мешіті арқылы қандастарға көмек көрсеткісі келетін ниетін білдірді. Біз бұл ұсынысты құп көріп, ауданымызға келіп қоныстанған Файзолла Ахмадидің отбасымен байланыстырдық. Кәсіпкерлер үйге керек заттар мен азық-түлік және отбасы мүшелерінің әрқайсысына киім кешек сатып алып берді. Кәсіпкерлерге мешіт ұжымы атынан алғыс айтамыз,-дейді аудан имамы Дәргерхан Тұрдыақын.

Аудан мешіті имамының айтуынша, кәсіпкерлер бұл отбасыға барлығы 800 мың теңгені құрайтын материалдық көмек көрсеткен.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика