spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

«Шебердің қолы ортақ»: Зеренділік жас жігіт былғарыдан аяқ киім тігіп, тұтынушыларын қуантуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында тұратын Ақай Өркен есімді жас жігіт былғарыдан аяқ киім тігіп, сатылымға шығаруды қолға алған. Бүгінде ол аймақта «Өркен» брендін қалыптастырып, өнімдерінің нарықтағы сұранысын қалыптастырып үлгерген. Шебердің қолынан шыққан таза былғарыдан жасалған әйелдер және ерлер аяқ киімдеріне аудан, облыс,тіпті Елорда тұрғындары да тапсырыс береді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аяқ киім тігуге әуестік кейіпкерімізде бала кезінен басталыпты. Жастайынан біз бен жіпті қолдануды үйренген ол бүгінде көптің қызығушылығын тудыратын заманауи үлгідегі сапалы аяқ киімдерді тігеді.

Мен бұл істің қыр сырын Қытайда жүргенде меңгердім. Өзім сол жақта туып өстім. Бүгінде ата жұртқа оралған соң қызығушылығымды кәсіпке айналдыруды мақсат еттім, -дейді етікші.

Ол 2019 жылы «Бастау» бизнес жобасы арқылы арнайы курстан өткен. Алғашында жас жігіт 245 мың теңгелік грантты ұтып алған. Сөйтіп өзінің кішігірім жобасын іске асыруды бастап кеткен.

Одан кейін мен осы жұмысымды жандандыру мақсатында Елорда қаласындағы » Самғау» брендінің басшылығынан сабақ алдым. Ол жерден көп нәрсе үйрендім. Бұл тәжірбиені толық жүзеге асыру мақсатында сол жылы мемлекеттен алты пайызбен екі миллион сегіз жүз мың теңге жеңілдетілген несие алдым. Сөйтіп, кәсіпке қажетті құрал жабдықтар, тігін машинасын сатып алдым,-дейді ол әңгіме барысында.

Шебердің айтуынша, АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жобасы арқылы рәсімдеген несие кәсібін дөңгелетуге жеткілікті болған. Соның арқасында ол ауданнан өз дүкенін ашып, «Өркен бренд» атауымен аяқ киімдерін сатылымға шығарған.

Бүгінде аудандағы «Өркен» дүкенінде таза былғарыдан тігілген ерлерге арналған қыстық етік, классикалық, спорттық үлгідегі туфли мен красовка, жаздық жеңіл аяқ киімдердің түр-түрін кездестіруге болады. Ал, әйелдер аяқ киімдері тапсырыспен тігіледі.

Бағалары қолжетімді деп ойлаймын. Бір аяқ киімді тігіп шығаруға кететін уақыт пен материалды есептегенде аяқ киімнің құны өзін өзі ақтауға тиіс. Мысалы қыстық аяқ киімнің бір данасын тігуге бір жұма уақыт кетеді. Сондықтан аяқ киімдердің жаздық түрі он үш мың теңгеден басталып, жиырма мыңға дейін,ал, қыстық аяқ киім жиырма мыңнан алпыс, жетпіс мыңға дейін барады, -дейді ол.

Жас жігіттің кәсібіне көбінесе келіншегі Анар қолқабыс етеді. Жас жұбайлар болашақта бұл кәсіптерін кеңейткісі келетінін айтады. Ал, қажетті материалдарды Шымкент, Тараз, Алматы сияқты үлкен қалалардан алып келеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img