spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирустан тағы бір адам қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

                Ақмолада коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қаза болды. Жалпы облыста 71 адам COVID-19 вирусын жұқтырып, 4 адам қаза болды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Бүгін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1936 жылы туған азамат қайтыс болды. Науқас 5 сәуірден бастап Көкшетау қаласының теміржол ауруханасында карантинде болған. 9 сәуірде коронавирус инфекциясы расталып, Ақмола облысының туберкулезге қарсы облыстық диспансеріне ауыр жағдайда жасанды вентиляциялық өкпе аппаратының көмегімен жатқызылды. Науқастың диагнозы өте ауыр түрдегі екі жақты өкпенің тұтас қабынуы, ауру ағымы өткір вирустық этиология болды. Сонымен қатар науқастың   жүректі ишемиялық ауруы, күретамырлы қысымның көтерілуі сияқты жанама науқастары болғаны да анықталды – деді Сүлен Ілиясов.

Денсаулық сақтау басқарманың мәліметінше қазіргі уақыта өңір стационарларында 347 емделуші бар. Оның ішінде инфекциялық– 67, болжамды – 184, карантинге – 95 адам орналастырылған. Ал 662 адам үй карантиніне жатқызылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика