spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының 189 елдімекенінде дауыл қиратқан нысандарға жөндеу жұмыстары басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында болған дауылдың салдары жойылуда. Қазір бірқатар елдімекендердің жарықтары қайта жанып, қираған ғимараттар қалпына келтірілуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Мәселен, Зеренді ауданында дауылдың салдарынан 79 елдімекен электр жарығынсыз қалған. 94 жекеменшік үйлердің шатырлары жұлынған. Дегенмен, өңірде «Көкшетау Энерго» ЖШС-і мен «Қуатэнергопатрнер» ЖШС-нің жедел әрекеттерінің нәтижесінде дауыл құлатқан 34 электр бағаны қайта тұрғызылып, 138 апатты жағдайлар қалпына келтірілген. Меншік иелерінің күшімен 74 үйдің шатырлары жөнделіп, 20 үйдің шатыры жақын күндері қалпына келтірілмек. Сонымен қатар, ауданның Ақадыр, Ақан, Ортақ ауылдарындағы мәдениет нысандарының зақымданған 455 шаршы метр шатыр өз қаражаттары есебінен жөнделген. Сонымен қатар ауданда 30 білім беру нысандарының зақымдалған шатыры да толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Еленовка, Шағалалы орта мектептері мен Красиловка және Ақадыр бастауыш мектептеріндегі дауылдың келтірген зардаптары толықтай жойылған. Тағы 5 білім беру мекемелерін жөндеуге 17 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл нысандарды жөндеу бүгіннен бастап қолға алынды – деді Зеренді ауданының әкімдігінен.  Ал Зеренді аудандық ауруханасының 70 шаршы метр қираған шатыры бірден өз қаражаттары есебінен жөнделген.

Дауыл Бурабай ауданында да көптеген елдімекендердің ғимараттарына нұқсан келтірген. Тиісті шаралар қабылдап, қалпына келтіру үшін аудан әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылған. Қазір барлық коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай қызметкерлері дауылдың зардаптарын жоюға кірісті. Сапасыз жұмыстар анықталған жағдайда мердігерлер жауапқа тартылады, – деді Бурабай ауданының әкімдігінен.

Облыс орталығы Көкшетауда да дауыл зардаптарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Тұрғын үйлер мен ғимараттарға қаншалықты шығын келгенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде, – деді Көкшетау қалалық әкімдігінен. Қалпына келтіру шараларына «Нұр Отан» партиясының филиалдары да үн қосып, тұрғындардың өтініштерін қарастыруда.

Қалпына келтіру жұмыстары өңірдің барлық аудандарында жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img