spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада білім мекемелерінің дәстүрлі жиыны өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларымен дәстүрлі аппараттық кеңесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Күн тәртібінде өзекті мәселелердің бірі Ресейде болған қайғылы оқиғаларға байланысты білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Кеңеске осы мәселе бойынша Ақмола облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Полиция департаментінің өкілдері Сергей Черемнов пен Ержан Ергалиев қатысып, басшылардың алдында қандай талаптар қойылатыны туралы сөз қозғады.


«Осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейтудің қаншалықты маңызды екенін атап өткен болатын. Оқу орындарының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс және қазіргі кезде министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірлеуде», деді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.
Ведомствоның мәлімтенше өңірде облыс әкімдігінің қолдауымен 551 мектеп (5 жеке меншік) және 251 балабақша (114 жеке меншік) бейнебақылау жүйелерімен 100% – ға қамтамасыз етілген.
«Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау үшін жауапты мамандар анықталып, білім беру нысандарын мамандандырылған күзетке көшіру, дабыл түймелерін орнату бойынша кезең-кезеңмен жұмыс басталды. Ағымдағы жылы бұл жұмыс қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан ұйымдарда жүргізілетін болады», деп толықтырды Бейбіт Жүсіпов.
Бүгінгі таңда мамандандырылған күзет облыс орталығының барлық 25 мектебінде, Степногорск қаласының 8 мектебінде, сондай-ақ 10 аудан орталығының 55 мектебінде енгізілді.
Облыстың 90 мектебінде арнайы күзет пультіне шығатын дабыл түймелері орнатылды.
Көкшетау қаласының барлық 27 Мемлекеттік мектебі, Щучинск қаласының 10 мектебі және Көкшетау қаласының 4 мектебі ЖБО жедел басқару орталығының жүйесіне қосылған (ЖБО саласында Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының Щучинск қаласында жұмыс істейді).
Облыстың 120 мектебінде турникеттер орнатылды.
Алдағы уақытта облыстың тағы 16 мектебінде 77,9 млн. теңгеге турникеттер орнатылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img