spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
13.2 C
Kokshetau

23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидрометтің» мәліметінше, батыс, оңтүстік-батыс және солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады.

Соның әсерінен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, батысында және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының батысында және орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, жел екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында және орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады.

Өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде және батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img