spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 15, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Степногорда ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорде ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды, деп хабарлайды  облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қыркүйектің 19-да сағат 19:50 шамасында болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне әйел адам хабарласып айтқан.

«Сағат 19:58-де 102 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, «Шашлыков» дәмханасында ер адамдың жағдайы күрт нашарлап, түрі бозарып бара жатқандығын айтқан. Сонымен бірге, ол ер адамды өз көлігімен аурухана алып кеткендігін, жолда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алуын сұраған», – делінген ақпаратта.

Алайда, кейбір басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылар жедел жәрдем қызметінің шақыру бойынша келмегенін айтып, сынауда.

«Қалада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ғана диспетчерлік бекет бар. Онда сағат 19:10 және 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?

Биыл Қазақстан Парламентіне 30 жыл толады: 1996 жылғы қаңтарда жаңа сипаттағы биліктің заң шығарушы тармағының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика