spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Есілде Курск орта мектебі жөндеуден соң оқушыларды жаңа келбетпен қарсы алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданындағы Курск орта мектебіне ағымдағы жылы 216 миллион теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оны мердігер «SCS Инжиниринг» ЖШС қолға алып, мерзімінде аяқтады,-деп хабарлайды «Aqmola News» аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Биыл мектеп 47-ші рет оқушыларын қарсы алып отыр. Бірінші сыныпқа 7 бала қабылданды. Жалпы, аудан бойынша биыл 329 бала мектеп табалдырығын атады.
Директордың міндетін атқарушы Светлана Гузенко ата-аналарды, оқушыларды және педагогикалық ұжымды көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

«Жаңа оқу жылы бәріміз үшін маңызды оқиғадан, мектебімізді күрделі жөндеуден басталды. Оқушылар мен мұғалімдерге жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білім мен жетістіктерге бай болсын деп тілеймін. Біз бәріміз қатты уайымдадық, бірақ білім күніне үлгердік. Мұғалімдер де, ата – аналар да риза», – дейді Светлана Юрьевна.

Айта кетсек, оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде. Барлық мектептер балалар арасында вирустың таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын ұстанады. Есіл ауданының білім беру бөлімінің мәліметінше, мұғалімдердің 86 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img