Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеудің қоғамдық онкүндігі шеңберінде Қарақыстақ жерінде, үлкен және Кіші Шабақты (Щучье-Бурабай курорттық аймағы) көлдерінің арасында қоқысты тазалау бойынша экологиялық акция басталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Экологиялық акцияның мақсаты – табиғат тазалығын сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ су объектілерінің аумақтарын қоқыстан тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін арттыру.
«Таза жағалау» экологиялық акциясы Ақмола облысының туризм басқармасының, Бурабай ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен өткізілді. Акцияға кез келген адам санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қатыса алады. Экологиялық акцияға туризм басқармасының, «Visit Aqmola», Бурабай ауданы әкімі аппаратының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бурабай ЖШС, Щучье жоғары техникалық колледжі, Щучье орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі жұмыс ұжымдарының 70-тен астам адамы қатысты. Акциясы барысында 60 қап күл қоқыс жиналды.