spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білу бойынша зияткерлік ойын өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұшқыр оймен шешен тіл» атты зияткерлік ойын өткізілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесімен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты  – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту.

Зияткерлік ойынға Ақмола облысының білім, деңсаулық сақтау, жер қатынастары, туризм басқармаларының жас мемлекеттік қызметшілері және облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Әр командада үш ойыншы болды.

«Ойын ережесі бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырды, сөйлемдерді құрады, жаңылтпаштардың ішінде артық сөзді тауып, сөзжұмбақтарды шешті. Ойыншылар қазақ тілін терең меңгергендерін көрсетті. Іс-шара тартысты да қызықты өтті. Барлық қатысушылырға алғысымызды білдіреміз», – деді өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыру жобалау бөлімінің басшысы Ерден Нұрмухамет.

Ойын қорытындысы бойынша, білім басқармасының командасы жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушылар «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің алғыс хаттармен және кәдесыйлармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img