spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Президенттік жастар кадр резервіне 281 үміткер тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан онлайн брифингте Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.

Оның айтуынша, құжаттарды қабылдау 1 қыркүйекте басталған және 30 қыркүйеккке дейін жалғасады. Үміткерлерді тіркеу арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі. Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін ел азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, – деді Ш. Әлімхан.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылады екен. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.

Департамент басшысының айтуынша, резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек.

Олардың күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағаланады, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау, сарапшылық комиссияда әңгімелесу, оған қоса ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болады. Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді, – дейді ол.

Аталған шараның мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.

Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз. Іріктеу басталғаннан бері 9 күн өтті, 7 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматы қаласынан 45 кандидат, республика бойынша – 281 кандидат тіркелді, – деді Шынарай Әлімхан.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-281-umitker-tirkeldi/?utm_source=www.inform.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img