Ақмола облысында жергілікті тұрғыннан ұзақ уақыт ақша талап етіп келген күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, шілде айында Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға арыз берген. Ер адам бейтаныс біреудің өзінен үш жыл бойы қорқыту және зорлық-зомбылық арқылы ақша талап етіп келгенін айтты. Өз денсаулығына қауіптеніп, үнемі қауіптен шаршаған жәбірленуші полицияға көмек сұрап жүгінді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бұрын Қылмыстық кодекстің 104-ші бабының 1-ші бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтады. Күдікті жәбірленушіге банктен несие ресімдеуді талап еткен. Ал бұл мүмкін болмаған кезде ер адамнан тұрмыстық техникасын күштеп тартып алған»,- деді ведомстводан.
Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 194-ші бабының 1-ші бөлігі «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Осы баптың санкциясы 4 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салу немесе сол көлемде 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, иә болмаса 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.