spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
30.8 C
Kokshetau

Шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при жазғы сериясы кезеңі аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Щучинскіде ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при жазғы сериясы кезеңі аяқталды.

Жарыс бағдарламасының екінші түрі үлкен тұғырдан секіру болуы тиіс еді.

Алайда қолайсыз ауа райына байланысты К-90 тұғырында жарысты тағы да өткізуге шешім қабылданды. Норвегиялық Халвор Эгнер Гранеруд 221,4 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Екінші орынды 212,4 ұпаймен Робер Юханссон (Норвегия) иеленді. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық Мариус Лидвик 211,8 ұпаймен түйіндеді. 196,2 ұпай жинаған қазақстандық Сергей Ткаченко оныншы орынды иеленді. Данил Васильев 187,1 ұпаймен 14-ші болып ойынды аяқтады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика