spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Президент 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салуды тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салу міндетін алдыға қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орта білім беру жүйесіндегі түйіткілді мәселенің бірі мектептегі орын тапшылығы. Қазіргі уақытта тапшылық 225 мың орынды құрайды. Бұл мәселеге қатысты шаруаны бүгіннен бастап қолға алмасақ онда 2025 жылға қарай мектептегі орын тапшылығы 1 млн-ға жетуі мүмкін. Бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 800 мектеп салуды тапсырсам, бүгін ол көрсеткішті 1 мыңға жеткізу міндетін қоямын», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы педагогтардың біліктілік курстарын өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты. «Білім беру жүйесіне ынталы және білікті педагогтар қажет. Мұғалімдерді қайтадан оқытуды 5 жылда емес 3 жылда бір рет өткізу талап етіледі деп ойлаймын. Өйткені, олар жаңа білімді тасымалдаушы, нағыз ағартушы болуы тиіс. Бұған қоса, педагогтардың курстарды өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажет», – деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img