spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Ақмолада «Ashyq» жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жұмыс істемейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Ashyq» жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындары демалыс және мереке күндері жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі түрлі нысандардың жұмыс режиміне бірқатар өзгеріс енгізілген. «Ashyq» жобасына кірмеген қоғамдық тамақтану орындары сенбі, жексенбі және мереке күндерінде жұмыс істемейді. Ал басқа күндері жалпы толтырылуына 50 пайызға дейін, 30 адамнан асырмай сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады. Ал жобаға енгендер 07.00-ден 02.00 аралығында күн бойынша шектеусіз келушілерді қабылдайды», – делінген қаулыда.

Діни нысандардың жұмысы да «Ashyq» жобасына қосылған-қосылмағандығына байланысты. Мәселен, жоба мүшелері жалпы толтырылуын 30 пайыздан асырмай жұмыс істесе, жобаға қосылмағандар мүлде жабық болады.

«Театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдары егер жобаға кіргендер болса толтырылуын 30 пайыздан асырмай жұмыс істейді. «Ashyq лидері» статусын алғандар 40 пайызға дейін келушілерді қабылдайды. Ал жобаға қатыспайтындардың жұмысына тыйым салынған», – делінген құжатта.

Жаңа қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img