spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың CCTV телеарнасының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 9 тамызда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қызылсу облысы Артуш қаласында 4,8 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала 15 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 40,09 градусында және шығыс бойлықтың 75,95 градусында болды.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, бірақ жер сілкінісіне байланысты кейбір пойыздар жұмысын тоқтатты. Ал жергілікті теміржол көлігі басқармасы тексеру жүргізуде. Артуш қаласы – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районы Қызылсу Қырғыз автономды обылсының әкімшілік орталығы.

Қала Шыңжаңның оңтүстік -батысында, Қашғарға жақын орналасқан және Қырғызстанмен шектеседі. Қала халқының 81,43%-ын ұйғырлар, 11,05%-ын қырғыздар, 7,28%-ын қытайлар(ханзулар)құрайды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kytayda-4-8-baldyk-zher-silkinisi-boldy_a3822060

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img