spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Отставкаға кетесіз бе – Алексей Цойдың жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Осы жылдың қыркүйегінде 10 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс. Жоспар орындалмаса Денсаулық сақтау министрі отставкаға кете ме? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері министрінен: «қыркүйекте 10 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы вацина алмаса отставкаға кетесіз бе?» деп сұраған болатын.

«Барлығы еліміздің әрбір азаматына, оның түсінуіне байланысты екендігін айтқым келеді. Вакцинация – ерікті. Бұл орайда біз ешкімді де мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру саясатын, тек ақпараттық қолдау ғана жүргіземіз. Оның үстіне сіздерді де ел азаматтарының барынша көпшілігін вакцинамен қамту үшін көмектесуге шақырамыз», – деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ол Үкіметтің кез келген мүшесінің жұмысына Мемлекет басшысы баға беретіндігін атап өтті.

«Үкіметтің әрбір мүшесіне қатысты кез келген мәселе Мемлекет басшысына байланысты. Сондықтан жұмыс қалай бағаланса, солай шешім қабылданатын болады», – деді Алексей Цой.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика