spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
12.2 C
Kokshetau

«Ертегілер елінде»: Зеренділік Олан Науан бас жүлдеге ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Бүгін Көкшетауда «Достар» мәдениет үйінде «Ертегілер елінде» атты облыстық онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Байқау 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жария етілді. Шартқа сәйкес қатысушылар балалық шақтың бал дәурен көріністерін топтастырып, видеороликтер дайындап жіберуге тиіс болды.

Нәтижесінде 7-14 жас аралығындағы жас өрендерден 40-қа жуық жұмыс келіп түсті. Қазылар алқасы бейне материалдарды сараптап, үздіктерді анықтады.

Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің білімі мен шығармашылық  қызметін қолдау және дамыту, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Байқау қорытындысында бас жүлдені Зеренді ауданының қатысушысы Олан Науан жеңіп алды.

I орынға  Бұланды ауданынан қатысқан Аяулым Кенжебекқызы лайық болса, II орынның мәре сызығынан сандықтаулық Қадірбек Мөлдір көрінді.

III орын  бұландылық Ризамын Азатқызына бұйырды.

Жанай Алмаз (Біржан сал ауданы), Төлегенов Бауыржан (Бұланды ауданы), Естаева Гүлназ (Ақкөл) ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Еске сала кетсек, бұл байқау – Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің кезекті жобаларының бірі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img