spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қосшыда алғашқы мемлекеттік емхана тұрғызылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

2019 жылдан бастап Қосшы ауылында – Елорда маңындағы қарқынды дамып келе жатқан елді мекенде бір ауысымда 100 адам қабылдайтын екі қабатты емхананың құрылысы жүргізілуде. Нысан 2021 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, жобаның құны 1,3 млрд теңгені құрайды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Ауылда 50 мыңнан астам адам тұрады. Үлкен ауданға тек бір жеке медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Әрине, бұл жеткіліксіз болды, ал Астана маңындағы аудан халқының саны күн сайын артып келе жатқанын ескере отырып, денсаулық сақтау объектілеріне шұғыл қажеттілік туындады.

– Қосшы ауылдық емханасының құрылысы науқастарды білікті дәрігерлік қабылдаумен, шұғыл хирургиялық және травматологиялық көмек көрсетумен, профилактикалық іс — шаралар өткізумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Жаңа емхана ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырары сөзсіз. Тұрғындар мұнда қажетті медициналық тексерудің барлық кезеңінен өтуге мүмкіндік алмақ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img