spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau

Көкшетауға ҚР төтенше жағдайлар министрі келіп курсанттардың академияны аяқтау шарасына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін  Көкшетауға Төтенше жағдайлар министрі генерал – мойор Юрий Ильин келді. Ол алдымен Көкшетау техникалық институтының атауын өзгертуге қатысты кеңейтілген отырысқа қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге курсанттардың  академияны аяқтау рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Көкшетау техникалық институтына қазақ батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілген болатын.

Аталмыш шарада  Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы да онлайн байланысқа шықты.

«Академияға атақты майдангер, Кеңес Одағының батыры, Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ақмола облысының тумасы Мәлік Ғабдуллиннің есімін беру туралы шешім-еліміз үшін, әсіресе, көкшетаулықтар үшін шын мәнінде тарихи оқиға. Академия мәртебесін алу-ұжымдық жетістіктердің нәтижесі және жоғары оқу орны қызметінің лайықты мойындалуы», – деп атап өтті министр.

Іс-шара аясында Орталық алаңда Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Батырды, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан кейін академияда курсанттарды шығарудың салтанатты шарасы өтті. Биыл 136 жас құтқарушы офицер диплом алды. Сондай-ақ, олардың арасында Қырғызстаннан келген үш түлек бар. Оқу аяқталғаннан кейін оларға «азаматтық қорғау лейтенанты» атағы және «лейтенант»әскери атағы беріледі.

«Академия жаңа мәртебе алуына байланысты ғылыми қызметпен де айналыса алады. 2022 жылдан бастап «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратураға алғашқы қабылдау жоспарлануда. Басқа елдермен өзара іс-қимылдың арқасында бұл тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді. Әрине, бұл біздің мамандарды даярлауды жақсартады. Бізде Қырғызстан үшін – 10 , Тәжікстан үшін 5 квота бар. Бізге Қырғызстаннан сегіз адам келіп түсті, бүгін үшеуі оқу орынын аяқтап отыр»,-деді генерал-майор.

Еске сала кетсек, ЖОО құрылғаннан бері бес мыңға жуық маман даярланды. Оның ішінде 132 түлек үздік диплом алды. Олардың көпшілігі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img