spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Әзербайжанда 18 мамырдан «Спутник V» вакцинасы салына бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

18 мамырдан бастап Әзербайжан азаматтары коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, елге бірінші кезеңде 2 млн астам вакцина жеткізілді: 40 мың «Спутник V» дозасы, 84 мың AstraZeneca дозасы және 1 млн 713 мың CoronaVac дозасы. Бүгінгі таңда Әзербайжанда халықтың шамамен 7,5% вакцина алды. 18 қаңтардан бастап елде вакцинаның 1 795 049 дозасы қолданылды: біріншісін 1 032 054 адам алса, екеуін де алғандар саны – 766 689. Жалпы, халықты вакциналау аясында Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдай соңғы күндері оң динамиканы көрсетуде. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 426 жаңа жағдайы анықталды, ал өткен жылдың желтоқсан айында бұдан 10 есе көп жағдай тіркелген болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img