spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

БҚО-да найзағайдан зақым алған киіктер тірідей көмілген бе? – Министрлік тексеруді бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Батыс Қазақстанда оқыстан мерт болған киіктердің ұшаларын жою кезінде тірі қалған киіктер де бірге көмілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданы Тау кентінің жанынан 372 өлген киік ұшасы табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, жануарлардың өлім себептерінің бірі осы аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты болуы мүмкін (нөсер жаңбыр мен найзағай), өйткені қаңқаларда найзағай разрядының ізі қалған. Өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын Тау ауылдық округінің әкімдігі жүргізген.

«2021 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында оқыстан мерт болған жануарлардың өлі ұшаларын жою кезінде кездескен тірі киіктердің бейнежазбасы таратылды. Оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарларға жасалған кез келген қатыгездікті айыптайды және осы саладағы заңбұзушыларға төзбейтінін жеткізеді! Бұл мәселе комитеттің қатаң бақылауына алынды», – деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі Самал Ибраева облыстық Полиция департаментіне шағым түсірілетінін, жазықсыз жануарларға салғырттық танытқандардың жазаланатынын жазды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img