spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
23.2 C
Kokshetau

Ақмолада карантин режимін бұзғандар 15 тәулікке қамалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап уақытша сипаттағы карантин енгізіліп, өңірге барлық автокөліктер мен азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынады. Осыған байланысты ақмолалық полицейлер карантин режимін бұзғандарға  қандай жаза тағайындалатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды  «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Карантин режимінде заң талаптарын орындамағандар 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып  немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай режимін бұзушыларға заңмен әкімшілік жазалар қарастырылғанымен, тәртіпке бағынбай заңды бұзғандар күн сайын полицияның құрығына ілінуде. Мәселен 29  наурызда Нұр-Сұлтан –Қосшы трассасын бойлай жүрген үш адам ауыл арасындағы жолмен карантин аймағынан кесіп өтпек болғанда қолға түсті. Жалпы төтенше жағдай енгізілгелі бері 28 іс қозғалды. 23 көңіл көтеру орындарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен облыс шекарасында 8 және Көкшетау қаласында 12 блок-бекеттер орнатылмақ. Ал қылмыстық және қоғамдық-саяси жағдайлар туындаған жағдайда полиция департаменті мен 5510 Ұлттық гвария әскері шұғыл жоспарда әрекет етуге  әзірленген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика