spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада облысаралық автобус қатынасы тоқтайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада 31 наурыздан бастап облысаралық автобустар тоқтатылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының жолашылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жаңғасқанов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.
Осы жылдың 19 наурызынан Ақмол, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Максимовка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка, және Шұбар қаласы елдімекендеріне қызмет көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының қала маңы автобустары тоқтатылғаны белгілі.
Сондықтан 19 наурыздан 27 наурыз аралығында Елорда маңындағы Қосшы, Тайтөбе, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды Воздвиженка, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин елдімекендері қала маңы автобустарымен тасымал жүзеге асырылды. Ал 28 наурыздан бастап карантин режимінің күшеюіне байланысты қала маңы автобустары толығымен тоқтатылды. Ал өңірде 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап уақытша карантиндік шектеу енгізілуіне байланысты тұрақты облысаралық автобус қатынасы толығымен тоқтатылады, – деді Арсен Жаңғасқанов.
Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша қалааралық автобустар ерекше өкім болғанға дейін әрбір автобус 1-2 рейске дейін төмендейді. Ал қалалық қоғамдық көліктерде жолаушылар қарасы азайғандықтан, автобустар саны 30 пайызға дейін қысқартылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img