spot_img
Жұма, Қазан 2, 2026
11.7 C
Kokshetau

Жолаушылар тасымалдайтын пойыздар қысқартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Көкшетау вокзалы станциясының нысанына шығарып салушылар мен қарсы алушыларға кіруге шектеу қойылды. Сонымен қатар басқа да келушілер кіргізілмейді. Бұл туралы Көкшетау қаласы теміржол вокзалының бастығы Роза Арыстанқызы мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Карантин режимі енгізілген сәттен бастап, жолаушылар тасымалдайтын пойыздарды қысқарту шаралары қабылданған. Қазіргі таңда  жолаушыларды тасымалдайтын 36 пойыздың 2-уі ғана күн сайын қатынаса, 6-уы күн ара жүреді. Ал 4 жұп қала маңы электрпойыздары  тоқтатылған.

Роза Арыстанқызының сөзінше,  COVID-19 вирусының таралуын болдырмау, оның инфекцияларын жою мақсатында вокзалға 4 дана санитайзер орнатылған. Вокзал іші сағат сайын дезинфекцияланып, желдетіледі. Led экранда коронавирус туралы ақпарат көрсетіліп, 30 минут сайын дауысзорайтқыш арқылы вирустан сақтанудың алгоритмдері хабарланады.

Вокзал жұмысшылары қорғаныс маскасы мен бір реттік қолғаппен қамтамасыз етілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика