Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гүлмира Темірболатқызы 1972 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Молодежное ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «қаржыгер»мамандығы бойынша аяқтады.
2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Штаттар бөлімінің ІІ санатты экономисі болып бастады.
1992 жылдан 1995 жылға дейін Көкшетау қалалық қаржы бөлімі бюджет бөлімінің ІІ санатты маманы болып жұмыс атқарды.
1995 жылдан бастап екі жыл бойы Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Денсаулық сақтау және мәдениетті жоспарлау және қаржыландыру секторының І санатты маманы лауазымында болды.
1997 жылы еңбек жолын Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бөлімінің аға маманы болып жалғастырды.
2000 жылы Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2002-2005 жылдары – «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» ММ жинақтау бөлімінің бас маманы. Әрі қарай 2011 жылға дейін «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2011 жылы «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2015 жылдың маусым айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы лауазымында болды.