spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Әскери ұшақтың құлауы: Балқаш маңындағы апаттың ықтимал себебі айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

16 сәуірде сағат 20:45-те Қарағанды облысында (Балқаш маңы) Қорғаныс министрлігінің Су-30СМ ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған екі экипаж мүшесі аман-есен, олар медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Сол күні ұшақ апатының себебін анықтау жөнінде арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына жөнелтілді.

Бүгін Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия өкілдері апаттың ықтимал себебін айтып, Су-30СМ жойғыш ұшағы құстың кесірінен апатқа ұшыраған болуы мүмкін деген болжамды жеткізді. Ұшақ апаты болған жерде бірнеше өлі құс табылған.

«Комиссия барлық ықтимал нұсқаны қарастырып жатыр. Олардың бірі – әскери борттың құстарға соқтығысуы. Бірнеше құс соғылса, онда ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шығады. Авиацияда бұл ең қауіпті жағдай болып саналады. Өйткені ұшақ қозғалтқыштардың кем дегенде біреуі жұмыс істесе, ұшуын жалғастыра алады және қауіпсіз қонады», – деді арнайы комиссия өкілдері.

Апатқа ұшыраған әскери ұшақта болған екі экипаж мүшесі де тәжірибесі жоғары ұшқыштар екені айтылды. Екі ұшқыштың да ұшу уақыты шамамен 1 500 сағатты құрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img