spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ақмолада 50 жастағы ер адам ұшты-күйлі жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 50 жастағы Көкен Нұрланға іздестіру жұмыстарын жүргізуде,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ер адамның жоғалуы туралы хабар 2021 жылдың 19 сәуірінде Целиноград ауданының ПБ КБ келіп түсті. Өтініш Нұр-Сұлтан қаласының 47 жастағы тұрғынынан келіп түсті, онда ол 29.11.1971 жылы туған ағасы Көкен Нұрланның іздеуге көмек көрсетуді сұрайды, ол 2021 жылдың 17 сәуірінде сағат 21.30 шамасында Қосшы кентіндегі үйден шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.
Жоғалған ер адамның белгілер: бойы 170-175 см, орташа дене бітімді, шашы қара, мұрны түзу, ерні жұқа, құлағы қалқан. Кету кезінде үстіндегі киімі жайлы туыстары түсіндіре алмады.
Хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіруге жүгінген сәттен бастап ПД барлық жеке құрамы бағдарланды, оны іздестіру туралы ақпарат «Оларды полиция іздеуде» стендтерінде, оның ішінде ЖПҚ полиция пункттерінде және адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырылды.
Криминалдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары қонақ үйлер, жалға берілетін пәтерлер, компьютерлік клубтар, сауда орталықтары, түнгі клубтар, шаруа қожалықтары, автокемпингтер, қараусыз қалған құрылыстар, құрылыс алаңдары, саябақтар мен скверлер, кәріз коллекторлары, гараж кооперативтері, саяжай массивтері, өзендер мен су айдындары, қоғамдық көлік, жеке тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілерімен жұмыс жүргізілді.
Полицейлер жоғалған Көкен Нұрлан туралы қандай да бір ақпарат болатын болса тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.
Хабарласу телефон нөмірлері: 8(716-2) 29-10-67, 29-10-68, 29-11-22, 8-778-907-03-01 немесе Ақмола облысы ПД кезекші бөлімінің телефондары бойынша: 8 (716-2) 29-10-07, 29-10-08.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img