spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Аса ауыр салмақтағы Олег Болтин Азия чемпионы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының мүшесі (еркін күрес) Олег Болтин 125 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

Олег Болтин ақтық сында қырғызстандық Айаал Лазаревпен кездесті. Кездесудің аяқталғанға дейін қарсыласынан ұтылып жатқан қазақстандық балуан соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды.

Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды.  74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Адлан Асқаров финалда жеңіліп, күміс жүлде алды. Асқаров ақтық сында өзбекстандық Жахонгирмырза Туробоевпен белдескен болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img