spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ерзат пен Нұргүл Көкшетаудың ең әдемі жұбы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы «Достық» үйінде «Қозы менен Баяндай» қалалық байқауының қорытынды кезеңі жарияланды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Қозы менен Баяндай» қалалық байқауы өтті. Байқауға 10 жұп қатысты.

Байқаудың басты мақсаты ғашықтар күні жастардың санасына достық, адалдық, сыйластық сезімдерін сіңіру. Бір-біріне деген құрметтерін арттыру. Бүгінгінің Қозысы мен Баянын көпшілікке насихаттау. Жастардың бойында өжеттілік пен алғырлықты, жан-жақтылық пен білімпаздықты қалыптастыру. Өнерлерін шыңдауға мүмкіндік беру, өздерін топ алдында ұстауға, сөз сөйлеуге машықтандыру. Жастардың бір-бірімен жақын танысып, аралас-құралас болуына жағдай тудыру,-дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысының міндетін атқарушы Ерлан Мұхамедияр.

Аталмыш  іс- шараға 16-25 жас аралығындағы жұптар қатысты.

Байқау таныстыру, өнерін көрсету, еркін тақырыпта бейнеролик дайындау тәрізді үш кезеңнен тұрды.

Бас жүлдені «Арна» колледжінің студенттері  Мекенов Ерзат пен Едресова Нұргүл жеңіп алды.

I орынға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің студенттері Кайржанов  Қуаныш пен Макулова Сая лайық деп танылды.

II орын Жоғары қазақ гуманитарлық – техникалық колледжінен Құдайберген Ерасыл мен Ығалы Аружанға бұйырса, III орынға Амангельдинов Ардақ пен Женисова Сандуғаш Көкшетау қаласының  «Студенттер Альянсының» ие болды.

Сонымен, қатар ерекше көзге түскен  Каирбек Нұржан мен Павлюк Диана және  Ұлатай Санжар мен Талғатова Мерейім  ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Барлық ғашықтарға бағалы, құнды сыйлықтар берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Достар» мәдениет сарайы өнерпаздарының жазғы концерттерінің маусымы ашылды

Қолайлы ауа райында қалалық саябақтың кіреберісіндегі балюстрада қаланың концерт алаңына айналады. Жазда көкшетаулықтар таза ауамен тыныстап, аптап ыстықтан салқындау үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img