spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
20.2 C
Kokshetau

Тайванда пойыз апатқа ұшырады: 36 адам қаза тауып, 72 жолаушы зардап шекті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұма күні таңертең болған жолаушылар пойызы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тауып, 72 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тайбэй-Тайтунг маршруты бойынша бағыт алып бара жатқан экспресс пойыз Хуалянь уезінің солтүстігінде рельстен шығып кеткен. Хабарлама дерегінше, пойыз көбіне туристерді тасыған. Оқиға кезінде пойызда шамамен 350-ге жуық адам болған. Алдыңғы төрт вагондағы 80-100 адам сәтті эвакуацияланды, басқа вагондарға жету мүмкіндігін деформация қиындатып отыр деп хабарланды. Елдің Орталық телеграф агенттігінің дерегінше, апат тұраққа дұрыс тұрмау салдарынан пойыз жолына құлап түскен жүк автомобилімен соқтығысу нәтижесінде болуы мүмкін. Рельстен шығып кеткен пойыздың жанындағы жүк көлігінің қалдығы суретке түсірілген. Теміржол әкімшілігінің мәліметінше, пойыздың алдыңғы бөлігі үңгіржолдың тысқары бетінде қалған. Қазіргі кезде үңгіржолдың ішкі жағында қалған жолаушыларды құтқару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Апат Цинмин дәстүрлі мерекесінің қарсаңында болды деп хабарланады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бірсуат ауылында 100 орындық заманауи мектеп салынуда

Жарқайың ауданының Бірсуат ауылында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы қызу жүріп жатыр. Білім беру мекемесі «МТЛ-АРКА» компаниясының жеке инвестициялары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика