spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

5 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке  сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.

Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-25 м/с артады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с артатыны күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика