spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Шортандылық көп балалы жас анаға «Күміс алқа» берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

8 наурыз қарсаңында Шортанды кентінің тұрғыны Айыпханқызы Сайяхатқа Үкіметтік марапат – «Күміс алқа» наградасы табысталды. Ол 36 жасында төрт қыз бен екі ұлдың анасы атанған,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қабдолла Орынбасаров алқа иегерін құттықтап, отбасына денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

Көп балалы жас ана әрқашан үлкен отбасы болуды армандағанын және бүгінде балалар оның өміріндегі басты қуаныш екенін айтады.

«Біз балаларымыз жақсы тәрбие алуы, олардың жарқын болашағы және Қазақстанның лайықты азаматы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Осы сәтті күнді пайдалана отырып, мен еліміздің барлық аналарын келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді. Өміріңіз әрқашан көктемдей жарқын әрі шуақты болсын!»,- дейді Сайяхат Айыпханқызы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img