spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшенің Жібегі: «Өмірлік өнер мектебім» атты кітаптың тұсауы кесілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда ҚР-ның халық әртісі, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ драма театрының актрисасы Жібек Бағысованың өнері мен өмірі тоғыстырылған «Өмірлік өнер мектебім» атты кітаптың тұсауы кесілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қазақ театр өнерінің саңлағы Жібек Бағысованың 80 жылдығына арналған аталмыш кітап өнер ордасының 25 жылдығы мен халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында жарық көрді.

Кітаптың тұсаукесеріне облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сәбит Жәмбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, ҚР жазушылар одағының мүшелері Серік Жетпісқалиев пен Ерболат Баятұлы және театр ұжымы қатысып, құттықтау лебіздерін жеткізді.

Кеш барысында өнер иесі Талдықорған-Қызылорда-Көкшетау өңірлеріндегі өмір жолындағы естеліктерімен бөлісе келіп, кітаптың шығуына ықпал еткен өнер жанашыры Марал Қажыкенқызына және әкімшілік құрылымдарына алғысын айтты.

Мен осы өңірде туып өстім. Алғаш өнер әлеміне деген қадамым да осы өз елімде басталды. «Қазақфильм» ұжымы Көкшеге келіп Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романы желісінде түсірген киноға түстім. Осы арқылы атақты кино әртісі Ботагөз рөліндегі Гүлфайруз Исмайловамен танысып, алғаш рет бала жүрегім сол кісідей жұлдыз болсам деген арманды кешті. Міне, содан бері өнер дейтін құдіретті бойыма сіңіріп, еліме, Отаныма қызмет етуді мақсат етіп келемін. Қазақстанның қай өңіріне қызмет бабымен барсам да6 Көкшемді жүрегімде сақтап, оған кір келтірмеуге тырыстым,-деді өнер иесі көпшілік алдында.

Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімінен соң көкшелік зиялы қауым өкілдері өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы ойлары  мен әртүрлі естеліктерін ортаға салды.

Кітапта өнер қайраткерінің сахна төріндегі 60 жылдық ерен еңбегі мен өнегелі өмірі әдеби көркем тілмен өрнектелген.

Сонымен қатар өнер иесінің боямасыз шынайы өмірінен сыр шертетін әңгімелері, қызылордалық, көкшетаулық қаламгерлердің әр жылдары жазған Жібек Бағысова туралы мақалалары, жыр жолдары, БАҚ өкілдеріне берген сұқбаттары мен фотосуреттері енгізілді

Құрастырушы, естеліктерді редакциялаушы -«Рухани Жаңғыру» ӨЖК басшысы Марал Жақыпова.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img