spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында демалыс күндеріне карантин талаптары жеңілдетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантин шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 3 ақпандағы №11 қаулысына сәйкес дүкендер мен бірқатар қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілді,- деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Осы қаулыға сәйкес, мереке және демалыс күндері сауда нысандары, сән салондары, монша жұмыс істейді.

Кинотеатрлар мен театрлар көрермендер залында келушілерді отырғызу кезінде екі метр қашықты сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Ашық, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар демалыс және мереке күндері төрт шаршы метрге бір адам келетінде әлеуметтік қашықты сақтай отырып жұмыс істейді», – делінді.

Сонымен бірге, сауда үйлеріне сондай-ақ демалыс және мереке күндері 30 пайыздан артық толтырылмаған жағдайда жұмыс істеуге етуге рұқсат етіледі.

Косметологиялық қызмет көрсететін объектілер үшін осындай ереже қолданылады.

Балалар ойын алаңдарына, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады.

Қоғамдық моншаларға 50 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сауналардың қызметі әлі де демалыс күндері шектеулі болады.

Сондай-ақ қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарына рұқсат етіледі.

«Білім беру нысандарындағы тамақтану қызметі бір мезгілде тамақтану залында отыратын орын санының 50 пайызынан аспайтын жағдайда рұқсат етіледі. Мектеп асханаларының қызметкерлері ПТР тестілеуден өтеді», – делінген қаулыда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img