spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
6.2 C
Kokshetau

Шортандылықтар алғыс айту күнін мерекеледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Шортанды кентінің Ойын-сауық орталығында Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Көпұлтты ел бірлігінің символына айналған мереке биыл алтыншы рет атап өтілуде.

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Гайдар Қасенов бұл мерекенің негізгі міндеті – жас ұрпаққа ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды сіңіру және сақтау екенін атап өтті.

Іс-шарада бірқатар шортандылықтар белсенді азаматтық ұстанымы және түрлі бағыттардағы қайырымдылық қызметі үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын Ойын-сауық орталығының шығармашылық ұжымдары ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика