spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ата жұртымды аңсап келіп Ақмола өңірінен өз орнымды таптым-Бостангүл Азатқызы

Сондай-ақ...оқыңыз

Мен, Бостангүл Азатқызы, Өзбекстанда туылып, өсіп, білім алып, 2002 жылдан бері бар біліміммен, білігіммен Қазақстанда қалтқысыз қызмет етіп келемін. Елбасының диаспоралды саясатының арқасында Қазақстанға оралу мен үшін үлкен бақыт.

Осы Алғыс айту күнінде «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» – деп Абай атамыз айтқандай, ата жұртыма келгенде өз орнымды табуға осындай мүмкіндікті берген Тұңғыш Президентімізге шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл күні алғаш қоныстанған зерлі Зеренді жерін, елін мен толғана отырып еске аламын. Себебі алыстан ата жұртымды аңсап келгенде сол сұлу мекенде ғана өзімнің орнымды таптым емес пе? Зеренді жеріне, халқына, әсіресе, Ермек Боранбайұлы, Сізге Алғысымды білдіремін! Өзіңіз ауданда әкім болып қызмет еткен кезіңізде редакция ашып, атын қойып бергеннен бастап еңбек еткен «Зерделі Зеренді» аудандық газетінің ұжымына алғысымды білдіремін. Аудандағы, Редакциядағы атқарған жұмысым менің жеке тұлға ретінде қалыптасуыма үлкен әсер еткені рас.  Соның арқасында облыстық «Арқа ажары» газетінде де біршама еңбек ету маңдайыма бұйырды.  Мұның бәрі өзіме өшпес сабақ, өмірлік тәжірибе болып қалды.

Еңбек жолымда өңірдің беделді азаматтарымен танысып, сұхбаттасып, өнеге алуға мүмкіндік болды. Өткен ғасырдың біртуар азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек ері Баян Жанғаловпен кездесу, ол кісімен сұхбаттасып, батасын алу мен үшін ұмытылмас сәттер…

Бүгінде, тағдырдың жазуымен облыс орталығына қоныс аудардым. Қазіргі кезде Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өз мамандығым бойынша еңбек етіп жүрмін. Жоғары санаттағы кітапхана қызметкерімін.

Кезінде заманның қыспағына ұшырап, жер жүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз Тәуелсіздік алғалы атамекенге орала бастады. Ол үшін арнайы заң қабылданып, «Оралман» деген статус берілген болатын.

Тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде туған жерге миллиондаған, оның ішінде біздің Ақмола облысына 40 мыңнан астам этникалық қазақ оралып, бүгінгі таңда еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Тарихи отанына келген қазақтарды «Оралман» деп атаудан бас тартып, «Қандас» дегеніміз жөн болады» деген еді. Жеті атасын білетін халыққа әрине «Қандас» деген ұғым жақын. Сондай-ақ, Президентіміз «Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз», – деген болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img