spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бурабай ауданындағы шаруа қожалығына Австриядан асыл тұқымды мал әкелінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылындағы  «Беке» шаруа қожалығына Австриядан 40 бас симментал тұқымды мал әкелінді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Асыл тұқымды аналық ірі қара мал басы КТ «Степняк» кредиттік қаржы есебінен «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алу жүзеге асырылды.

Шаруа қожалығының иесі Қуанышбек Бекайдарұлының айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша бұл мақсатқа 34 миллион теңге несие рәсімделген. 14 пайызбен берілген несиенің 10 пайызы үкімет тарапынан, ал қалған 4 пайызын қожалық төлеуге тиіс.

Бұзаулар Автриядан қожалыққа бір жұмалық жолды өткеріп келді. Ол жақтан да толық тексерістен өтіп келген малдар мұнда да тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ветеринарлар анализ қорытындыларын дайындап жатыр,-дейді  Қуанышбек Бекайдарұлы.

Ет, сүт бағытындағы шаруа қожалықта барлығы 450 бас мал өсірілуде. «Гормолзавод» серіктестігіне тәулігіне 1 тоннадан астам сүт өткізіледі.

Сонымен қатар шаруашылыққа тиесілі 1200 гектар жерде мал азығы дайындалады. Шаруашылықта он шақты жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Сиыр сауу процесі автоматандырылған.

Алдағы уақытта сүт өткізуді тәулігіне бір жарым екі тоннаға дейін  көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл әкелген мүйізді ірі қараның біреуі бір сауғанда 10-15 литр сүт береді. Салмағы 600 келіге дейін жетеді,-дейді қожалық иесі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img