spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмолалық азамат ММА еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық азамат Қазақстанда алғаш рет ММА-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баян Жанғалов елімізде тұңғыш «ММА бойынша еңбек сіңірген жатықтырушысы құрметті атағының иесі атанды.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен ММА бойынша ұлттық құраманың бас жаттықтырушысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ММА жаттықтырушысы» атағы берілді. ММА федерациясының президенті Алик Айдарбаев жаттықтырушыны тиісті белгімен марапаттады.

«ММА – қарқынды дамып келе жатқан спорттың түрі. Біз спортшыларымыздың халықаралық ареналарда жақсы нәтижелер көрсетіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл ең бірінші кезекте чемпиондарды тәрбиелеп жатқан біздің жаттықтырушыларымыздың еңбегі. Олардың бірі де бірегейі осы – Баян Маратұлы», деді Алик Айдарбаев.

Өз кезегінде жаттықтырушы да еңбегінің еленгені үшін алғысын білдірді.

«Мен үшін бұл марапатты алу үлкен құрмет. Бұл біздің команданың қажымай талмай төккен терінің жемісі дер едім. Алдымызда үлкен старттар күтіп тұр. Мен біздің спортшыларымыздың Қазақ елін халықаралық ареналарда намысын лайықты қорғап, көк туымызды көкке көтеру үшін бар қолдан келген күш-жігерімді жұмсай беремін, – деді Баян Жанғалов.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Жанғалов 2014 жылдан бері джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img