spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 3000 бюджет ашық бюджеттердің картасында орналастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мектептері, балабақшалары, ауруханалары, емханалары, жолдары және басқа да бюджеттері ашық бюджеттердің интерактивті картасына орналастырылды, деп хабарлайды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

«Бюджеттің ашықтығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесін ұсынатын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы әрбір тұрғын нақты уақыт режимінде әлеуметтік объектілерді салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Бұл үшін Publicbudget.kz порталында қажетті аймақты таңдап, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, жолдар және басқа да бюджеттерді көруге болады», – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпыға қолжетімді сервисте азаматтар өз пікірін қалдыра алады немесе нақты деректердің құжаттамамен сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тиісті фото – және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтініш бере алады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы сомасы 430 миллиард теңгеге жуық түрлі қызмет саласындағы ұйымдардың шамамен 3000 бюджетін орналастыруды қамтамасыз етті. Интерактивті карта негізінде өткен жылдан бастап бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға азаматтардың хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысуға жәрдемдесуге бағытталған «Ашық бюджет» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері Publicbudget.kz порталы арқылы бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізуде. Мониторингтің арқасында 9,7 миллионнан астам теңгеге үнемделді.

Сондай-ақ, облыстық департаменттің жанында «Ашық бюджет» өңірлік клубы жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтардың қаржылық сауатын арттыру үшін оларға кеңес беру. Клуб құрамына қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қаржы, экономика және салық саласының мамандары кірді. Бүгінгі таңда «Ашық бюджет» жұмысы аясында әлеуметтік желілерде 35-тен астам тікелей эфир өткізілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img