spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Қазақстан Қарулы Күштерінің 15 мыңнан астам офицері аттестаттаудан өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарулы Күштердегі қызметін жан-жақты бағалау, оны ұтымды пайдалану мен кәсіби әлеуетін дамыту үшін 15 мыңнан астам офицер қажетті аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны өткізу үшін 2021 жылы Қорғаныс министрлігі офицерлер құрамын аттестаттауды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар әзірледі. Ол екі кезеңде өтеді. Алғашқы кезеңде – бірінші ақпан мен бірінші шілде аралығында Бас штаб, Қорғаныс министрлігі, ҚК әскер түрлері бас қолбасшылары басқармалары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшылары басшылық буынының, әскери бөлімдер командирлерінің білімдері мен құзыреттері тексеріледі.

Қызметіне және жеке басына қатысты жағымсыз мінездеме алған офицерлер де аттестаттауға жатады. Бірінші шілдеде басталатын екінші кезең қалған офицерлерге қатысты өткізіледі. Әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы заңнаманы білуіне сынақ тапсырады, әскери қызмет бойынша реттеуші құжаттарды білуіне тексеруден және психологиялық тестілеуден өтеді. Комиссия аттестатталушының атқаратын лауазымдарына сәйкестігін және олардың әрі қарай қызмет ету перспективасын айқындайды.

Аттестаттау нәтижелері бойынша әр әскери қызметші кәсіби, жеке қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алады. Әрбір әскери қызметшіні қай бағыттарда даярлау мен қайта даярлау талап етілетінін белгілейді. Осылайша, қызметі бойынша жоғарылату және оқуға жіберу мақсатында офицерлердің кадрлық резерві қалыптастырылады, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар әзірленеді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамын аттестаттау 2021 жылдың қарашасына дейін жалғасады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img