spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

2021 жылы ақмолалықтарды 19 театрлық қойылым күтіп тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры мен орыс драма театрында барлығы 19 жаңа театрлық қойылым жоспарлануда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысының мәдениет саласындағы 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіледі.
2021 жылы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының құрылғанына 25 жыл толуы айтулы оқиғалардың бірі болып табылады. Осы мерекеге орай қазан айында аймақаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда.

 

 

Сонымен қатар, театр көрермендерді  қазақ драматургтерінің шынайы туындыларымен қатар әлемдік классиктердің комедиялық шығармаларымен де қуантпақ.

Атап айтқанда, 2021 жылы келесі қойылымдарды ұсыну жоспарланып отыр: Ж.Б Мольердің «Сараң», У. Шекспирдің «Дуалы күнгі думан» комедиялары, Ә. Бағыдаттың «Бақтан өткенде», М.Бартлеттің «Келісімшарт» драмалары, қазан айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ авторларының шығармаларына негізделген «Қазақтар» тарихи-батырлық шежіресі, қарашада ағайынды Гриммнің «Бұрқасын Ханым» ертегісі, желтоқсанда жыл сайынғы дәстүр бойынша «Тамаша» концерттік бағдарламасы көрсетіледі.
Сондай-ақ, театрдың 25 жылдығына орай Павлодар, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында гастрольдік қойылымдар жоспарланған, наурыз айында театр труппасы Біржан Сал, Зеренді, Бұланды аудандарының көрермендерімен кездеседі.
2021 жылдың қазан айында қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, талантты актриса, ҚР Мәдениет қайраткері Жанар Құсайынова өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мерейтойлық кеш қарсаңында А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясын қою жоспарлануда.

Ақмола облыстық орыс драма театры мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық театр ұжымдарының фестиваліне қатысады. Халықаралық театр фестиваль –зертханасы және «ТеАРТ – Көкше»  фестиваліне ат салысады.

Аталмыш театрда биылғы жылы 12 жаңа қойылым қойылмақ. О. Жанайдаров пен А.П Чеховтың  «Желтоқсан алаңы және «Шағала» қойылымдары дайындалуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img