spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Серік Жанатұлы Шәуенов, Игорь Ефимович Магерко, Гүлмира Амангелдіқызы Куртабиева және Александр Владиславович Бочковский Уәлихан, Еңбекшілдер және Кеңащы ауылдық округтерде үгіт-насихат кездесулерді өткізді.

Кандидаттар ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап беріп,  ұсыныстарын ескеріп қайтты. Кездесу барысында ұялы байланыс, көлік құралдары, медициналық қызметке қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Гүлмира Амангелдіқызы – Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің директоры,  Игорь Ефимович – оқу-өндірістік комбинатының директоры және Александр Владиславович – қалалық №1 орта мектебінің мұғалімі. Олар білім беру саласының қызметкерлері ретінде біздің ұрпағымыздың бойында азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу  маңызды деп санайды, өйткені бұл жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі негіздерінің негізі.

Үгіт-насихат шеңберінде өткен іс-шараға қатысқан Серік Жанатұлының айтуынша, ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген азаматтармен тілдесіп, олармен әңгіме-диалог құру, көкейкесті мәселелер шеңберінде сөйлесу, сайлаудың алдында шабыттандырады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы  Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img