spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
-2.2 C
Kokshetau

Ауа райы: Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер сейсенбі, яғни 29 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей аумағында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 29-31 күндері тұман түседі.

Шымкент және Түркістан қалаларында, Түркістан облысының кей жерлерде тұман түседі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика